Елдігің де ерсілеу, ерлігің де – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Елдігің де ерсілеу, ерлігің де» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 732
Елдігің де ерсілеу, ерлігің де,
еркелеймін, ағайын, енді кімге?
Түбі неге соғар деп, бұл қылықтың,
күңірене беремін мен бүгінде.
Ұлығың да сұйылып, сиқынды алып,
қылығың да барады қиқымдалып.
Көптен бері осыған күйінем деп,
бір оянған емеспін ұйқым қанып.
Өз алдына қанағат, нысап, қалып,
мінезің де барады ұсақталып.
Азаматтың қорғадың қай намысын,
пайдалысын бір күндік құшаққа алып.
Көпе-көрнеу елемей өр көңілді,
есірігің ебі жоқ ерге күлді:
Зейіндіге — бүгінгі ар болды да азап,
кейінгіге — кімің бар — берген үлгі?
Туа сала кәпір-ұл санап ру,
іздемей-ақ бір-бірін табады қу,
иттігін де, не керек, қоймады әлі,
ойлағаны — шендіге жаға білу.
Елдігің де ерсілеу, ерлігің де,
еркелеймін, елім деп, енді кімге?
Жылмаңдаған, күніге мыңды алдаған
жылпостарға тиіп тұр төр бүгінде.
Тимеді деп түңілмес бүгін есе,
көкірегім көл еді күні кеше.
Ызғар дарып, барады мұз-қар қарып,
құдай салып, қайтадан жібімесе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елдігің де ерсілеу, ерлігің де өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Елдігің де ерсілеу, ерлігің де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елдігің де ерсілеу, ерлігің де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елдігің де ерсілеу, ерлігің де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері