Бас-көзіне байлап алған қылдан шыт – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бас-көзіне байлап алған қылдан шыт» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Бас-көзіне байлап алған қылдан шыт,
малды көріп, жанды қорып тұрғансып,
қылқынып та,
ұмтылып та,
жұлқынып,
шабаланып жатты маған бір қаншық.
Бауырымен қар боратып,
құмды іреп,
өші бардай өршелене үрді кеп,
қалжыңы да,
қан-жыны да аралас,
аузы-басы ісіп-кепті күлдіреп.
Үйшігінен шыға бере сырғанап,
бұлқынғаны,
жұлқынғаны жылдам-ақ...
Қыбыр етпей қайран ғана ағайын
"Қай жеңгенің — менікі!" деп тұр қарап.
Шеттерінен меңіреу ме,
мекер ме,
Туыс біткен тұрды қарап бекерге,
"Қайт!" — демеді аяғы бар ағайын,
"Тәйт!" — демеді таяғы бар көкем де.
Құрығанда балағыма жетем деп,
кәрі қаншық үздігеді тепеңдеп.
...Іштей ғана: "үрит, үрит, үриттеп",
ағайын тұр үре түссе екен деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бас-көзіне байлап алған қылдан шыт өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бас-көзіне байлап алған қылдан шыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бас-көзіне байлап алған қылдан шыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бас-көзіне байлап алған қылдан шыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері