Бұл хабар жанымды налытты

Бұл бетте «Бұл хабар жанымды налытты» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 493
Бұл хабар жанымды налытты,
Жалған сөз емес-ті, анық-ты:
Томарсаз тартылып қалыпты...
Түскенін сездім де нарқыңның,
Балықтай қайраңдап, шарқ ұрдым.
Тәңіртау жанары секілді
Көлім-ау, сен неге тартылдың?
Көлім-ау, сен неге сарқылдың?
Сенде өтіп еді ғой бала күн,
Базары бітті ме жағаның?
Тәңіртау, айбыным, айбатым,
Айтшы сен, неге ақты жанарың?
Басыңнан тайды екен бақ қалай?
Баяғы бақытты шақтар-ай...
Көкпеңбек көгімдей Томарсаз,
Жылға боп жылап ол жатқаны-ай...
Айна көл, тұп-тұнық, дөңгелек,
Тағдырға тап болдың сен бөлек.
Барымды бағалай алмаған,
Өзіме сол керек, сол керек...
Суыңды сүйсіне кешкемін,
Қайтадан жана ма өшкенім?
Оралмай кеттің-ау мәңгіге,
Амал не, қош, көлім...
Қош, көлім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл хабар жанымды налытты өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Бұл хабар жанымды налытты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл хабар жанымды налытты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл хабар жанымды налытты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері