Ойнақ салар төріңе – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ойнақ салар төріңе» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1127
Ойнақ салар төріңе,
Құйыны бар даланың.
Жеткізбейтін желіңе,
Киігі бар даланың,
Мен бір ұлы боламын.
Құс қанаты күйетін,
Аптабы бар даланың.
Сан сыр ішке түйетін,
Соқпағы бар даланың,
Мен бір ұлы боламын.
Сусындайтын әрдайым,
Көлі де бар даланың,
Жабысатын таңдайың,
Шөлі де бар даланың,
Мен бір ұлы боламын.
Күндік емес жолының,
Айлығы бар даланың.
Сан қызыққа толы бұл,
Байлығы бар даланың,
Мен бір ұлы боламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойнақ салар төріңе өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ойнақ салар төріңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойнақ салар төріңе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойнақ салар төріңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері