Қарашүңгіл – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қарашүңгіл» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3023
«Қарашүңгіл» мұнай кені. Ол 1860 жылдан белгілі. Ембі мұнай бассейніндегі бірінші мұнай фонтаны 1899 жылы осы Қарашүңгілде атқылады. (Тәулігіне 15-150 т.).
(Қазақ совет энциклопедиясының 6 томынан).

Қарашүңгіл!
Өзіңде аласым жүр,
Құпияңды ашпаған даласың бір.
Шежіреге жүгінсек... шежіреге,
Дарияның бастауы боласың бұл.
Нанайын ба, япырау, нанбайын ба,
Таңдану бар тақылдақ таңдайымда.
Бір тонна май әлі күн бермесең де,
Бақ бар екен өлшеусіз маңдайыңда.
Жазылған жоқ сен жайлы дастан әлі,
Қазылған жоқ жыртылын астар әрі.
Қарт Ембінің жұмысшы тарихы да,
Сонда да бір өзіңнен басталады..
Өткен ғасыр шымырлап өзегіңнен,
Шыққан майды.
Жақты жұрт тезегіңмен.
Жер түбінен өңдеусіз осыны да,
Қалай ғана ағылшын сезе білген.
Оңай олжа өзгені шат қылады,
Белгі — қазақ әр жерге қақты дағы. .
Атырауға салынып тұңғыш бұрғы,.
Тұңғыш фонтан өзіңнен атқылады.
Барар жері болып сан соқпақтардың,
Қазынаңды абайсыз текке ақтардың,
Өзге жұрттың әміремін білгендей-ақ.
Ұзамай тоқтап қалдың.
Содан соң да шырқатып қанша жырды,
Қойныңа бойламады қанша бұрғы.
Сонда да (шошыдың ба алпауыттап),
Қалпыңда міз бақпадың сол сабырлы.
Дейді жұрт: «Қарашүңгіл» киелі бел,
Айдарын аймалайды сүйеді жел.
Оңдырмайды кетсең де тасын алып.
Аруағы дәл түсер жасын анық.
Сұғанақ қол шошытып, бермей жатыр,
Бар майын бауырына басып алып.
Жалған ба екен білмеймін, рас па екен,
Бұл аңыз. (Кімге, сірә, сыр ашты екен).
Халқымның туған жерге махаббаты,
Осылай Атырауын нұр асты етер.
Әлі талай ақынға боласың жыр.
Боласың жыр арнаңа толасың бір.
Ұлдарыңның қайратты, епті қолы,
Идіреді өзіңді, Қарашүңгіл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарашүңгіл өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Қарашүңгіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарашүңгіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарашүңгіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері