Құрдасы бар әкемнің үзеңгілес

Бұл бетте «Құрдасы бар әкемнің үзеңгілес» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 744
Құрдасы бар әкемнің үзеңгілес,
Араладым соны іздеп, күземді бес.
Балағаттап кетуші ем, балалық-ай,
Артықтау ғой. Білмеймін, түзелді ме ес?
Жоқ-жітікке арсыз күн қарамады-ай,
Жақсы менен жаманды сараламай.
... Байқап қалып қуандым Қанекеңнің,
Басындағы қалпағын дағарадай.
Алшаң басып жүрер ед еркек тегі,
Ашық айтам, ұлындай ерке еткелі.
Емпең-емпең жүрісін көрдім-дағы,
Қаңбақ шалға ұқсаттым ертектегі.
Кеткені ме соңғы кез шалдығы асып?
Тәтті қиял әп-сәтте қалды басып.
Ойнақшытып көздерін қуланатын,
Әкемменен қалжыңы таңға ұласып.
Бойы қапты бір тұтам бәкенедей,
Көрсе бізді кетпейді мәпелемей.
Қанапия – әкемнің жан құрдасы,
Тәріздісің бұл күні – «әкем өгей».
Күйін күйттеп кетпеді өз басының,
Азаматтық парасат – тозбас ұғым.
... Дарияға ұласар болашақта,
Құрдасыңның бір тамшы көз жасымын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрдасы бар әкемнің үзеңгілес өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Құрдасы бар әкемнің үзеңгілес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрдасы бар әкемнің үзеңгілес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрдасы бар әкемнің үзеңгілес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері