Диджла – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Диджла» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 528
Диджла!– Тигр
Жадымда қалған жасымнан,
Келгіштеп саған,
Кете алмай жүрмін қасыннан.
Галстук тағып
Картаның тұрған алдында
Шақтарым барады
Толқындарыңа асылған!
Өзендер көрмей
Жүргендей неге толқыдым!
Сазың ба сұлу
Сыңғыры сынды шолпының!
Желің бе жібек
Торғындай сусып төгіліп,
Жамылған сәтте
Денеңе жайған салқынын.
Әйтеуір солай
Жанарды жаулап жамалың.
Жаныма жайған
Әлде бір ләззат самалың.
Анадай маңғаз
Қалпыңа қарап толғандым,
Оятып ойды
Тереңін тінтіп сананың.
Құм басқан мынау
Көнедей күлгін даланың
Бойына нәр боп
Қан тамырыңдай тарадың.
Арудың бұлаң
Қос бұрымыңдай қос өзен –
Евфрат – Тигр
Қос анарыңдай ананың.
Қайда даланды
Аралап көрдім көзіммен
Қайда да сенің
Шипалы нәрің сезілген
Мейірімі шексіз
Жаны ізгі жарқын аруана
Дарқандықты адам
Үйренсе болар өзіңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Диджла өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Диджла өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Диджла өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Диджла өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері