Ырысланға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ырысланға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Он сегізге толған күніне

Ырыслан, он сегізге жаңа толдың
Басында тұрсың өтер ұзақ жолдың. -.
Алдында талай асқар асулар тұр
Бағыты, бағдары бар оң мен солдың.
Бұл жолды оңай емес өту деген,
Мақсатқа алға қойған жету деген.
Адам боп бұл өмірге келгенменен
Тым қиын адам болып кету деген.
Өмір жоқ рақатын тек беретін,
Адамдық парызын көп өткеретін.
Ар құлы азаматқа сын сәттер коп,
Болады шағын тілек шектелетін.
Өткелі қиындықтың сабыр, төзім,
Зердеңе қонсын менің осы сөзім.
Емесін байлық мұрат бағамдай біл
Қызыл деп ұққайсың зор мансап көзін.
Өмірдің кілті мынау өнер, білім,
Білімді ашар алуан өмір сырын.
Ең жақын досың болсын талап, еңбек
Қанағат, рахымға келме қырын.
Болар тек тілегінде ата-анаң
Ол жайлы баспағайсың шалыс қадам
Қадірін айналаның адалдығын
Біле алмас тек дүние қуған надан.
Сен үшін келіп отыр мынау жиын,
Зерделе, түй көңіліңе өмір сыйын.
Лайық бұл құрметке азамат бол,
Кеудеңе таупық орнап, қонсын зыйын.
Жан балам, құтты болсын он сегізің,
Бұйырсын бақытты өмір кеш теңізін.
Зиялы қауымның зор тұлғасы бол,
Ұрпақтан ұрпаққа озып қонсын ізің.
Қуаныш құтты болсын Рая, Қайрат,
Келген жұрт қуанышқа сыйын сайлап.
Береке, ырысың артып қуана бер.
Шуақты бола берсін өмірің жайнап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ырысланға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ырысланға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ырысланға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ырысланға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері