Менің ұстанымым

Бұл бетте «Менің ұстанымым» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тілдесе де сыртымнан қай тарабым,
Сабырлықпен тек қана жай табамын.
Біреу маған жасаса жамандықты,
Жақсылықпен жауабын қайтарамын.

Сақталмаса өзгеге мүлде кегім,
Игіліктер келеді күнде тегін.
Жұрттардың былапыт сөздеріне,
Көңілімді мен неге кірлетемін?

Өшпенділік байқалмай еш үнімнен,
Барлығына қараймын кешіріммен.
Маған қастық жасаған адамдарды,
Күтіп алам күлімдеп есігімнен.

Мына әлем құшағын маған ашқан,
Әрбір күнім жазылған жаңа дастан.
Мақсатыма жетемін Құдай жазса,
Соқпағына өмірдің қарамастан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің ұстанымым өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Менің ұстанымым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің ұстанымым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің ұстанымым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері