Лнайея

Бұл бетте «Лнайея» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Соңғы кезде болмай жүрмін көңілді,
Сені ойлап көздің жасы төгілді.
Менің жазған әрбір сөзім өмірлі.

Тұрғанда мен әзірге жер басып,
Білдірейін сезімімді енді ашық.
Болғанмын-ау саған сірә мен ғашық.

Кезіккенбіз алғаш рет жазда біз,
Көркің сенің жүрегіме салған із.
Сызат түсті қызғаныштан жанға жүз.

Айта алмадым бұның бәрін ашылып,
Сүйдім сені, сүйдім бәлкім асығып.
Қайтейін мен бұны сізден жасырып.

Сезімімді айта алмадым қобалжып,
Соның бәрі жүрегіме болар жүк.
Батылдығым, етеді ылғи сол аздық.

Сені бүгін көрдім міне соңғы рет,
Қимастықтан кеттім сірә көп жүдеп.
Бәрі бітті, әрі қарай соқ жүрек!

12.08.22


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лнайея өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Лнайея өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лнайея өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лнайея өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері