Кісікиік – Гүлнұр Мұратхан

Бұл бетте «Кісікиік» атты Гүлнұр Мұратхан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Даңқты әлемде кетемін кішірейіп.
Жүрегімді қайтейін іші бейіт?
Мені ұйқымнан оятар жалғыз Үміт,
Үмітімнің сырты сау, іші үрейлік.

(Сәттік мұң да ішеді өзі ішімдік)
Мені саған жеткізбей өзімшілдік.
Сыр ашпайтын, сенімен сырласпайтын
Мінезді адам екенмін өзім сұмдық..

Күйге бөлеп жаныңды ауыр, ауыр!
Бәрі таныс, бәрі дос, бәрі бауыр.
Жүрегімнің ішінде бір тыныштық,
Тыныштықтың ішінде әлі дауыл..

Гүлнұр Мұратхан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кісікиік өлеңінің авторы кім?

Гүлнұр Мұратхан — осы өлеңнің авторы.

Кісікиік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кісікиік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнұр Мұратхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кісікиік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері