Димекең туралы ән

Бұл бетте «Димекең туралы ән» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тағдырың да тамырлас сүйікті елмен,
Көрініпсің кіл ғана биіктерден.
Құдай өзі кеңдікті, кемелдікті
Бір басыңа аямай үйіп берген.

Даңғылына айналып, дабылына
Даналықпен танылдың бар ұлыға.
Ақылыңның өзін де ара-тұра
Жеңдіріпсің кемеңгер сабырыңа.

Қайырмасы:
Ақылдың асыл қайнары,
Қазағымның айбары.
Теміріндей төзімді,
Өміріндей жайдары
Ахметұлы Димекең
Қонай тегі жыр дастан
Жұмақта жаны жүр ме екен
Халқына көптеп нұр шашқан

Дос-дұшпаның таба алмай ісіңнен мін,
Әлгілердің алдында кішірмедің.
Өнерін де қазақтың өрге сүйреп,
Беделін де бір елі түсірмедің.

Жақындатып жұртыңның жарық таңын,
Қалықтадың биікте, жалықпадың.
Тереңіне бойлапсың дүниенің,
Қайда жүрсең ойлапсың халық қамын.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Димекең туралы ән өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Димекең туралы ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Димекең туралы ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Димекең туралы ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері