Мына сарын — қай сарын — құлағың түр – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Мына сарын — қай сарын — құлағың түр» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Мына сарын — қай сарын — құлағың түр,
құлағың түр.
Жетпесең жылап ұмтыл,
ащы мұңның мына бір ар жағында
аңсап ішкің келетін бұлағың тұр.
Қызығына өзінің батып анық,
асау бұлақ арқырай жатыр ағып,
дара шалғай, ағайын, әрі аса алмай,
жүрмеңдерші тағы да қапы қалып!
Жеттім бе деп,
жыласақ — жылап та алып,
құласақ та құлайық бұлақ барып,
бірімізге-біріміз сүйенелік
бірімізден-біріміз құлақтанып.
Бұйырмаған тағдырдың пырағы ұшқыр,
кім ұғады халімді мына мүшкіл, —
бұлаққа да жетерміз,
жетерміз-ау,
ар жағында оның да
бір ағыс тұр!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мына сарын — қай сарын — құлағың түр өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Мына сарын — қай сарын — құлағың түр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мына сарын — қай сарын — құлағың түр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мына сарын — қай сарын — құлағың түр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері