Ана жүрегі

Бұл бетте «Ана жүрегі» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 3
  • 23872
Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,
Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым.
Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,
Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың?
Ән болдың таңдайдан бал тамызғанша,
Мұң болдың көзден жасты ағызғанша.
Мәңгі жас сен жайында дастан бар-ау,
Мәңгі өлмес сен туралы аңыз қанша?!
Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,
Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым.
Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,
Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың?
Ән болдың таңдайдан бал тамызғанша,
Мұң болдың көзден жасты ағызғанша.
Мәңгі жас сен жайында дастан бар-ау,
Мәңгі өлмес сен туралы аңыз қанша?!
Жалындап жас жүректің бар қызуы,
Жастықтың басталғанда бал қызығы,
Ертеде сұлу қызға болған ғашық
Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.
Сол қызға жолығатын батыл әлгі
Бір күндер төсек тартып жатып алды.
Ұйқыға кетсе шошып аласұрып,
Анасын айқай салып шақырады.
Гүл өңі алау тартып жайқалмайды,
Сауығу мынау халден байқалмайды.
Ол бірақ ішін өртеп жатқан жайды
Ашылып анасына айта алмайды.
Қыз атын айтса ауыздан зар шығыпты,
Құс жастық аққан жасқа малшыныпты,
Дертіне сағыныштың шыдай алмай,
Жас жігіт құр сүлдер боп таусылыпты.
Қинады қыздың шарты, бөлек екен
О сұлу, неткен қатал керемет ең?!
«Анаңның жүрегін ап келген күні
Мен саған жар боламын», - деген екен.
Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,
Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың
Жүрегін жұлып алды тұрып түнде.
Сүюдің серті ме еді соның бәрі,
Ол міне, қыздың шартын орындады,
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,
Жүрегі түсіп кеткен қолындағы.
Ананың кезі бар ма кекті болған
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек
«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған...
Осындай аңыз қалған халық ішінде,
Кім білсін махаббаттың даңқы үшін бе?
Болмаса жоқ нәрсені болғыз дейтін
Қыз кездің тәкаппарлық салты үшін бе?
Осы аңыз естігенге қатал-ақ тым.
Дәстүрге қарсы анадан бата алатын,
Кім білсін дәлелдеуге шығарды ма,
Ананың айнымайтын махаббатын?


Пікірлер (3)

мадина кайырбекқызы

өлеңдеріңіз керемет керемет ауырмаңыз 100жасаңыз

Тоқтарбаева Мейраш

Аман болыңыз сіздің өлеңдеріңізді жатқа оқимын

Құралай Сәтмұхамбетова, композитор

Сәлеметсіз бе, апа! Мен сіздін 2 өлеңіңізге ән жазып едім. Уацабым әрі телефоным: 8 701 742 58 25 хабарласайықшы, мүмкін болса.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана жүрегі өлеңінің авторы кім?

Ақұштап Бақтыгереева‎ — осы өлеңнің авторы.

Ана жүрегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана жүрегі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана жүрегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері