Жүріп-жүріп болдырып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жүріп-жүріп болдырып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Жүріп-жүріп болдырып,
Шабытқа боп шала бай.
Жылап-жылап алды бұлт,
Таяқ жеген баладай.
Құйғандай-ақ шелекпен,
Өтті көктен сел төгіп.
Жер үстінде жел әттең,
Кетер еді төңкеріп.
Өрт жайлап бір бұлт ішін,
Егілді емен қартамыс.
Талай күнгі күлкісін,
Ұрлап дүлей арпалыс.
Басқа түспей таудай сын,
Өткермей көзден күнді ауыр.
Дауылды жырлай алмайсың,
Жаныңда соқпай бір дауыл!
Өшіріп үрей шаласын,
Қарасаң қарсы сыр ұғып.
Кеткен бе деп қаласың,
Жер мен көкті бірігіп.
Болмаса боран осылай,
Сарқылмаса сабырың.
Өтер ең білмей, досым-ай,
Тыныштықтың қадірін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүріп-жүріп болдырып өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жүріп-жүріп болдырып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүріп-жүріп болдырып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүріп-жүріп болдырып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері