Ыстамбұл

Бұл бетте «Ыстамбұл» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1132
Құс болып алысқа,
Қайырылмай ұшқан жыл.
Мәлім боп ғарышқа,
Танылған Ыстамбұл.
Тарихын тербейін,
Оқыдым қыштан жыр.
Мұсылман мерейін,
Асырған Ыстамбұл.
От қамшы жай ұрған
Рум елін,
Дұспан-дүр.
Қанаты жайылған,
Қос құрлық Ыстамбұл.
Түркінің айбаты,
Исламмен құшқан нұр.
Ту, Жұлдыз, Ай басы,
Тәуелсіз Ыстамбұл.
Бастауы шын істің,
Атағы ұшқан бір.
Батыс пен Шығыстың,
Нүктесі Ыстамбұл.
Шертіліп күй болып,
Ойыма түсті ән-жыр,
Шариғат үйреніп,
Таратты Ыстамбұл.
Пәктенген жүрегі,
Түркіге құт, тағдыр,
Мұсылман тірегі,
Мық болған Ыстамбұл.
Сермесе қылыштай,
Қорғансаң қалқан бір.
Дінсізден ығыспай,
Нық тұрған Ыстамбұл.
Сен жайлы ақпар көп,
Хақ жолды ұстандыр.
Аллаһу акпар деп,
Жасай бер, Ыстамбұл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ыстамбұл өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Ыстамбұл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ыстамбұл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ыстамбұл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері