Қашан да – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қашан да» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Қашан да
бір жақсы орын тиіп төрден,
қарадым кісі бойы биіктерден,
туғалы дойырдан да,
сойылдан да
кезім жоқ айылымды жиып көрген.
Кезім жоқ күйбеңдеген,
сүйреңдеген,
жерім жоқ жексұрыннан жиренбеген.
(Ешкімнен именбеген ғазиз басты
не шығар көрінгенге игенде мен!)
Алдында көрінгеннің қалбырақтап,
көрмедім ханды мақтап, сандырақтап,
қаншама пәледен де,
жаладан да, ақ сөйлеп,
өзімді-өзім алдым ақтап.
Ағайын ер сөзімді мыңға балап
оқысын,
оқымасын —
жүр бағалап.
Даңқыңда,
даңғазаңда,
қарап тұрсам,
түсетін тебе екен ғой сырғанап-ақ!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қашан да өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қашан да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қашан да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қашан да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері