Барарсың да батыл үдеп

Бұл бетте «Барарсың да батыл үдеп» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Барарсың да батыл үдеп,
түсер бір кез ой басқа,
ар азабы ақыры кеп,
өкіндірмей қоймас та.
Барлығын да еске аларсың,
біраз жылдар өткізіп.
Амал қанша,
кеш қаларсың,
көзден ұшып көп қызық.
Арманым деп,
аймалаған
адам таппай кешқұрым,
боларсың бір айлап алаң,
ішіңді өртеп ескі мұң.
Ас та батпай ішер мынау,
ішінде бір жанғанда от,
мен есіңе түсермін-ау,
алыстағы арман боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барарсың да батыл үдеп өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Барарсың да батыл үдеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барарсың да батыл үдеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барарсың да батыл үдеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері