He десек те – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «He десек те» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1413
He десек те...
ұлы той - көппен көрген,
оралман да емес ем шеттен келген,
ес білгелі осынау елмен бірге
өткелдерден өтіппіз, көк белдерден.
Айтқаныма айнала сендірдім де,
көресімді ел - жұртпен көрдім бірге,
мол еді деп менің де алдан дәмем,
армандап ем жетсем деп,... сол бір күнге!
Туа сала түгендеп бұлақ әнін,
түгел бердім туысқан сұрағанын.
Күлген күннің бәрі де жүр есімде,
жылағаным есте жоқ, құлағаным...
Қанша құқай көрсе де ұлы тұлғам,
бір күнгідей болған жоқ, ұмытылған, -
түндерім бар қаншама естен кетпес,
күндерім бар бір ұтып, бір ұтылған.
Белгілі ғой бөріңе кеткен жағым, -
артық еді демедім көптен жаным.
Басымыздан біздің де сөз аспады,
көз ашқалы көргенім от пен жалын.
Тең бөлдің бе,
қанағат - кем бердің бе, -
бұйырғанын теріп жеп елмен бірге,
көрдік қанша жәдігер - жақсы күнді,
қамынды ойлап,
қалың ел, сендердіңде.
Жылдар бойы жетелеп келешекке,
жолдағым да, тоңғаным... жоқ есепте,
сол баяғы үміт, ой...
сол баяғы
көштен көрген ұлы той, не десек те...
Ойламаған тұстарда жер астынан жік шығып,
Тірлік кешкен екенбіз тітіркеніп, тіксініп,
Соқыр, мылқау заманның тандайы боп тақылдап
өртенгенде ұяттан - мандайы боп жіпсідік.
Жарымай-ақ жақсыға,
Дарымай-ақ құт-шыдам,
тындайтының баяғы жалған әуен, сыпсың ән.
Тірлік кешкен болыппыз күтіміндей кедейдің,
жұлым үйдің түздегі түтініндей бықсыған.
Табанынан тас теріп, қабағынан - ызғырық,
мылқау әже қойнында миллион жыл мызғыдқ.
"Бұл да хақтың жолы", - деп қауқыадасқан болып еқ
біздің көңіл бұдан да бірте-бірте үзді үміт.
Қаншама бір қатулан,
Жартасқа бар.
Ұр дабыл,
Дарытпады бойына, жарытпады тыңдап ұл.
... Егеулінің кешегі
тегеуріні қайда деп,
емексіген көңілдің емеуріні-ау бұл да бір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

He десек те өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

He десек те өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

He десек те өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

He десек те өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері