Тынышын ап түйменің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тынышын ап түйменің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 618
Тынышын ап түйменің —
шешініп те киініп,
бұрала кеп биледің —
жүз бүгіліп, иіліп,
бұлт астынан жарқ етіп шыққан күндей қабағың
қас-қағымда қайтадан қатулана түйіліп...
Екі иығың тұманың тұнығындай бүлкілдеп,
сынадың-ақ, —
сынадың, —
қытығың кеп,
күлкің кеп,
сөйлегенің,
күлгенің жұтындыра қаусырып,
төзімім де таусылып бара жатты біртіндеп...
Қарадың ба кекетпей —
соның өзі жақсы ырым,
айтқаныңды екі етпей орындадық, тақсырым!
...ырғағыңды үдетіп,
үдетіп кеп,
құдай-ау,
біржолата құлы етіп кеткенің бе нәпсінің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тынышын ап түйменің өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тынышын ап түйменің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тынышын ап түйменің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тынышын ап түйменің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері