Мамыр айы – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Мамыр айы» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Барлық айдан шырайлы
Мамыр дейді бұл айды,
Жасыңа да кәріңе,
Бәріңе де ұнайды.

Қайырмасы:
Мамыр айын мына біз,
Ең жақсы ай деп ұғамыз,
Көп ұзамай өйткені
Каникулға шығамыз.

Айнала гүл жайнайды,
Бақшада құс сайрайды,
Тал, құрақтар көгеріп,
Балбұлақтар «қайнайды».

Қайырмасы

Мойындама, мойында,
Таусылмайды ойын да,
Желбіретіп жейдемді
Жел кіреді қойныма.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамыр айы өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Мамыр айы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамыр айы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мамыр айы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері