Шешен – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Шешен» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 743
Ойхой, десеңші.
Сұлу сөйлейміз
Сылдырап тұрамыз.
Түйдек-түйдек тастап,
Ақылға құрамыз...
Әр салаға ой жіберіп,
Плеханов,
Добролюбов,
Чернышевскийлерді,
Тізіп, теріп,
санай келіп
Писарев,
Горький,
Белинскийлерді
Қайталап беріп,
Мінбеде тұрамыз
көкірек керіп:
«Ойпыр-ай, шіркін,
Жетісіппіз-ақ.
Бір-бірімізге
Құрыппыз тұзақ...
Оны айтқанша
Мұны айту керек.
Қырсыздық
қырсықты
Азайту керек...
Сұрау керек...
Сынау керек
Сөйтіп елдік құрау керек»,
Осылай сөйлеп
бөсеміз келіп,
Көзге ілініп,
Уәлі ауыздар арқылы өсеміз келіп.
Мінбеден түскен соң
Сөз бір жақта,
Іс бір жақта,
Гу-гу баяғы алып қашпа...
Қалтада ақша,
Машина аста,
Жүреміз желіп
Өлместей болып
Кейін бір жауап
Берместей болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шешен өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Шешен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шешен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шешен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері