Арман-қиял, не жең мені, не жеңдір – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Арман-қиял, не жең мені, не жеңдір» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1194
Арман-қиял, не жең мені, не жеңдір,
арғы бетте арбау барын сезем бір,
керуен біткен кері айналып лезде,
ақсақ түйе алға түскен кезең бұл.
Амалың жоқ, енді билік соларда:
салдыр-гүлдір сазы бөлек қол арба...
Ақсақ түйе...
аяқтыға жол бермей,
тұлпарды да түсірмей тұр ол алға.
Қисық арба қисалаңдап түсті алға,
енді күн жоқ досыңа да, дұшпанға,
кімнің көзін оям дейсің кіжініп,
қайда бара қоям дейсің... ұшқанда!
Көк желкеңнен жаныштайды жат салмақ,
ей, ағайын, дабылыңды қақсаң — қақ!
Ақсақ түйе бара жатыр ақсаңдап,
сен қарайсың екі көзің ақшандап!
Кілт бұрылып кете де алмай сен дербес,
көп қазақтың бірі болдың керуенге еш, —
енді кімге өкпелейін, құдай-ау,
ақсақ түйе көпке дейін...
жол бермес!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман-қиял, не жең мені, не жеңдір өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Арман-қиял, не жең мені, не жеңдір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман-қиял, не жең мені, не жеңдір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман-қиял, не жең мені, не жеңдір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері