Қызықтырып бара ма – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қызықтырып бара ма» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 882
Қызықтырып бара ма,
Қыза-қыза енді өмір,
Сыймай жүр-ау қалаға
Қырға құмар өр көңіл,
Кермедегі асаудай,
Аласұрып жүрегің,
Ауылды аңсап тұрсың-ау,
Алағызып сен де бір!
Елге қарай ендеше,
Бұрайық та ат басын,
Түнделетіп достардың
Ұрайық та қақпасын.
Ерте келдің,
Кеш келдің,
демейтінін білем ғой,
Білемін ғой біздерге,
Бір айып та тақпасын!
Кетейік те шынымен,
Кетейік те ел жаққа,
Жетейік те тезірек,
Жолдастарға, жекжатқа,
Сол жақта ғой, құдай-ау,
Сері жігіт,
Пері қыз,
Сол жақта ғой аңсатқан,
Перизат та, бекзат та!
Қыз өңіндей құбылған,
Көлі қандай мөп-мөлдір!
Көгі қандай
Күні-түн,
Күлімсірей төккен нұр.
Атын алсаң аударып,
«Ә» – демейтін құрдастар,
Мұңдастарым қаншама,
Сырласпағым көптен бір!
Тобымызбен сол жаққа,
Барайық та дүркіреп,
Ескі әуенге баяғы
Салайық та күркіреп.
Тотықұстай таранып,
Төркіндеген қыздай-ақ,
Туған жерде тағы да
Алайық та бір түлеп!
Не тұрыс бар ендеше,
Кетейікші ел жаққа,
Жетейікші тезірек,
Жора-жолдас, жекжатқа,
Сол жақта ғой, жаным-ау,
Сері жігіт,
Пері қыз,
Сол жақта ғой – пейіш те,
Перизат та, бекзат та!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызықтырып бара ма өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қызықтырып бара ма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызықтырып бара ма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызықтырып бара ма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері