Тұңғыш рет сүйіскен қыздың сөзі – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тұңғыш рет сүйіскен қыздың сөзі» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 879
— Кешір, жаным,— дей беріп ем,—
күттірсем!
Қатты қысып,
құшағыңа тықтың сен...
Аспан құлап бара жатты үстіме,..
құдай ұрсын,
содан кейін... түк білсем...
Алғаш рет ерінге ерін тигенде,
қарсыласар қалмады ма күй менде,—
қаным тасып ақты ма әлде бойдағы,
ақ төсіме батты ма әлде түймең де..
Қайда менің алаңғасар ақ таңым,
қалды есімде —
кілт үзіліп тәтті әнім,
әлдеқайда ағып қана, дүние-ай,
құшағыңда талып бара жатқаным!..
Ақылымнан адастым ба әлде мен,
осы ма еді шығардағы жан деген!—
Жұлдыз жиі аққан еді аспанда,
иіп бара жатқан еді бар денем...
Көзімді ашып алғанымда...
әлгі бір
қайта естіліп маңайдағы бар дүбір,
келегейлеп қасымдағы сені де,
көпке дейін басылмады...
сәл діріл...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұңғыш рет сүйіскен қыздың сөзі өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тұңғыш рет сүйіскен қыздың сөзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұңғыш рет сүйіскен қыздың сөзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұңғыш рет сүйіскен қыздың сөзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері