Көңілім сені "құрбым" демеді – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көңілім сені "құрбым" демеді» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Көңілім сені "құрбым" демеді,
бір күнге мені кешерсің,
бауырыма басып тұрғым кеп еді,
балбырай түссем —
несі ерсі!
Айналдым сенің ақ білегіңнен,
мойныма келіп асылған,
Жұмылып көзім тәтті лебіңнен,
жұпар аңқыды-ау шашыңнан.
Қалтырай берген, қарғадай күнім,
тұла бой толы дірілдеп,
алдап та сулап,
арбамай бүгін
алдыма келген түріңнен!
Құшаққа күткен келіп-ақ кірдің,
қымсына берме текке сен,
өліп-ақ тұрмын,
көніп-ақ тұрмын
құрбаның болып кет десең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілім сені "құрбым" демеді өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көңілім сені "құрбым" демеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілім сені "құрбым" демеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілім сені "құрбым" демеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері