Жын ұрып па жамандап? – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жын ұрып па жамандап?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Тұратын көңілінде шуақтап ән,
ұлың ем үмітіңді туа ақтаған,
Жұртым-ай, барасың ба майдаланып,
шіркін-ай, қайда барып қуат табам?!
Аңырып күні кеше ұлы далам,
жаңыла бастағанда құбыладан,
Көрініп қалмады ма қырт екенің,
құлпенде жұрт екенің — түбі надан!
Жерлеп ең жүрегінде түгі барды,
жұлынып,
жәдігөйдің қыбы қанды.
Жүре бер есіне де, кешіре ме,
бір жола өшіре ме шұғыланды.
Тұрасың құлдық ұрып төре десе,
төреңіз төменгіге бере ме есе,—
ол үшін зиялыңа зекуге де,
дайынсың кетуге де ерегесе!
Айырып сан ғасырлық салтыңнан бар,
жайылып бет-бетіне антұрғандар,
қозып жүр делебесі қуларыңның,
озып жүр, өз басы үшін алқынғандар.
Тұратын көңілімде шуақтап ән,
ұлың ем үмітіңді туа ақтаған.
Ата жұрт, айырылсаң елдігіңнен,
апыр-ау, енді кімнен қуат табам?!
Бар еді ұлылық та, жылылық та,
қайдан тап болды деймін бұ қылыққа —
осы дерт өртемесе өзегімді,
жамандап өз елімді жын ұрып па!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жын ұрып па жамандап? өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жын ұрып па жамандап? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жын ұрып па жамандап? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жын ұрып па жамандап? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері