Құттыбай бұлағы – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Құттыбай бұлағы» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1440
Бала кезден бар едің сен, бір бұлақ,
Жолаушының арманындай бұлдырап,
Қызбел таудың белін орап ағушы ең
Жібек белбеу секілденіп судырап.
Ішкенімен, қанғанымен жай тұрмай,
Не бір тексіз өкінбей де, қайғырмай,
Жемдерінің ыдыстарын лақтырып,
Кете алмапты ластамай, лай қылмай.
Соның бәрін үнсіздікпен тәрік қып,
Жақсыны да, жаманды да қарқ қып,
Мәңгі таза қалпыңменен ағасың
Рақым үшін жаралған бір жарықтық.
Сол баяғы айрылмапсың арнадан,
Жолаушымен нәрің қайда бармаған?!
Сенің осы қасиетіңді көрем де,
Көп адамның көп ісіне таң қалам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құттыбай бұлағы өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Құттыбай бұлағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құттыбай бұлағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құттыбай бұлағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері