Мемлекетім менің – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Мемлекетім менің» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.12.2015
  • 1
  • 0
  • 4343
Мұз құрсанған, ақ көрпеге оранған,
Қиын-қыстау, сары аяздан бораннан,
Қорықпастан туған менің - бөбегім-
Мемлекетім - азаттығым оралған.
Сені әлдилеп келем мен
Аузымдағы таусылмайтын өлеңмен.
Кеудемдегі жүрегім мен қаныммен,
Қан арқылы қайрат жиған денеммен.
Сені бағып, саған деген алаңмен
Күн кешемін, бар ынтамды салам мен
Қайтсе сенің қатаяр деп буының.
Қайтсем жәрдем етемін деп саған мен.
Босата алман бұл әкелік сезімнен
Пайда болған сенің туған кезіңнен.
Дәл осылай бір дем алса өзіңмен.
Арман, арман-арман едің сен де бір
Мемлекетім - қазағымдай ер көңіл.
Сен жасайсың бақыты үшін ұлтымның,
Көтересің, көтергендей жерде гүл!
Сенем саған, сенгенімдей Құдайға,
Сенгенімдей көгімдегі Күн, Айға,
Сенгенімдей барлығыма тірлікте,
Сенген адам сенен ақы сұрай ма?
Сен өзімсің, келген жоқсың шет елден
Еңбегімсің сан бейнетпен өтелген.
Ескі арманнан жаңа туған сәбисің,
Сені әлдилеп, сені аруақтап өткен мен,
Сенің жасыл жалауыңның астында.
Келер ұлдар елге болар бас тұлға.
Туар талай нағыз қазақ нарлары
Қарсы барар дауыл, сел мен тасқынға!
Келе жатыр, келе жатыр жаңа ұрпақ,
Тек солардың бақытын күт, бабын тап.
Баяғыдай сарбаздарың самсасын,
Дүние саған қарасын бір таңырқап!

Қазан, 1994 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мемлекетім менің өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Мемлекетім менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мемлекетім менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мемлекетім менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері