Өкініш пен қасірет – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өкініш пен қасірет» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 2
  • 11159
Сөз қадірін ұқпайтын
көшің болған өкініш.
Биліктіні ықтайтын
досың болған өкініш.
Әділетке жұғымсыз
биің болған өкініш.
Саңылаусыз, жылусыз
үйің болған өкініш.
Адамының құны жоқ
елің болған өкініш.
Дауыл соқса, ығы жоқ
жерің болған өкініш.
Ойы асқанды көре алмас
ханың болған өкініш.
Елден биік, сөзі – алмас,
дарын болған өкініш.
Ессіз болса өз балаң,
бәрінен де сол жаман.
Қайғы мүжіп, жас іреп,
сол - өлтірер қасірет.


Пікірлер (2)

Ару Сексенбаева

Маған Ф.Оңғарсынованың <Қасірет пен Ерлік> деген шығармашылығын тауып бересіз дерме?

Роза Фархадова

Өте керемет мұңды өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкініш пен қасірет өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Өкініш пен қасірет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкініш пен қасірет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкініш пен қасірет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері