Қауышу – Дина Бөкебай

Бұл бетте «Қауышу» атты Дина Бөкебай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1028
...Ғасыр екен шамдар сөнген, сөз өліп
«Жылдамырақ сен алдыма өт енді».
Маңдайыма тапаншасын кезеніп
Уақыт тұр...
Мен қолымды (өмірімді) көтердім.
Басқа уақыт сағатымда, бөтен Ай
Мұң ыржияр ессіз ойды қылғытып.
Шығарып сап ескі Дина Бөкебай
...есік жақта жап-жаңасы тұр күтіп,
Ол білмейді
Пенде емес, жүрегіңмен тілдесу,
Керектігін адам деген талантқа.
Күн кешудің екендігін мұң кешу
Түсінбепті тағдырларға қарап та.
Жылжып жырдың артынан бір жыр келер,
Есік жақтан ескі Дина ұшырап:
Адамдар да пенде болып үлгерер,
Уақыттың тапаншасын қысып ап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қауышу өлеңінің авторы кім?

Дина Бөкебай — осы өлеңнің авторы.

Қауышу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қауышу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дина Бөкебай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қауышу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері