Құтсыз көбелек – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Құтсыз көбелек» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1554
(Сын ретінде)

Көз жеткісіз көк алап,
Келеміз біз аралап.
Жел сабақты шайқаған,
Сабақ желге айтады ән.
Айырылдым деп дәнінен —
Түсіндірер әнімен.
Қайда дәні, алтыны,
Тиді ненің салқыны?
Піскен дәнді, не керек,
Жеп қойыпты көбелек.
Тиген екен қырғидай,
Қалдырмаған бір бидай.
Кеткен еңбек, талай күн,
Қараймын да аяймын.
«Көбелек жауыз екен! — деп,
Айтса оны, бекер — деп,
Бет бақтырмас көп «білгіш»,
Өткенге тек өкінгіш.
Көбелек ұшар, жоғалар,
Тағы да сабақ дән алар.
Сабақ алсын кей «маман» —
Деген келді ой маған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құтсыз көбелек өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Құтсыз көбелек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құтсыз көбелек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құтсыз көбелек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері