Қандай сыр шерттің маған түсінбедім –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Қандай сыр шерттің маған түсінбедім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қандай сыр шерттің маған түсінбедім,
Таниды сұлулықтың құсын көңіл.
Күй өріп батар күннің шапағымен
Шапақпен бір мүсінді мүсіндедің.
Домбыра бір мен үшін кеудең мынау,
Кеудеңмен жан-жүректі тербедің-ау.
Арман ой қиялыңмен қашап тұрып,
Соғасың үннен мүсін зергерім-ау.
Жұлдыздай жанарымнан жанады үміт,
Саусағың жан-сезімді қағады іліп.
Дәрменсіз тұтқын болып күй кешемін,
Шертсең сен, дала күйін балаң жігіт.
Күй емес, арамызды бөледі уақыт,
Кешікті уақыт күтіп, неге бақыт?
Шапағын шашыратып күнім батса,
Енді-енді сенің таңың келеді атып.
Біткендей бойыма бір басқа шабыт,
Шабытты шамырқандым тасқа шағып.
Шапақты батқан күннің бояуымен
Кеттің-ау жас дәуренді еске салып.
Жүргенде әсемдікке шөлдеуменен,
Бір сурет көргендеймін ел көрмеген.
Өмірді үн-дыбыспен мүсіндеген
Өзіңді ұқсатамын зергерге мен.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі