Кезімізде қызулана қыз құшар – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Кезімізде қызулана қыз құшар» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 951
Кезімізде қызулана қыз құшар,
құдайым-ау, дейтіндер кім бізді шал?
Самайыма қарамасын қарындас,—
қылаулаған қырау ғой ол күзгі сәл.
Елуіңді — ердің жасы, дейді ел де,
басқа қандай белгілер бар бейнемде?
Қатарынан озған ағаң, емес пе ем,
бозбаладан бұрын шығып кей белге.
Айырбастап ала алмайтын алтынға,
тістерім де,
күш,
демім де қалпында,
Арулардың ажарына татырлық
айбын да бар,
айдын да бар,
бар тұлға!
Бой түзеуге болмады деп мұршамыз,
тұрғыластар, түңілмейік мұнша біз,
Елікпейтін, желікпейтін несі бар,
жас жігіттен жақсы көріп тұрса қыз!
Ақ түндермен алмастырып күндізді,
елуің де ерттеулі атқа мінгізді,
Бәріне де даяр тұрған жайым бар,
қай антұрған қартайды деп жүр бізді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кезімізде қызулана қыз құшар өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Кезімізде қызулана қыз құшар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кезімізде қызулана қыз құшар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кезімізде қызулана қыз құшар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері