Бозторғай – Мерей Таңжарық

Бұл бетте «Бозторғай» атты Мерей Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақын Сәбит Дөнентаевтың «Бозторғай» өлеңінің ізімен
Бозторғай (жалғасы...)

Бүркіт құс көп тыңдады Бозторғайды,
Әлсізді ол қорғамай кім қорғайды?
Байғұстың зарын, мұңын тыңдаған соң,
Ұшып шықты іздеп озбыр Тұрымтайды.

Іздеді таулар жақты,төңіректі,
Сүзіп шықты өзен бойын көл жақ бетті.
Көрінді Тұрымтай да көл жағынан,
Ұстап алды ұшып келіп ық жағынан.

Бүркіт айтты: «Қал қалай, Тұрымтайым?
Аман ба, бала -шаға,үй мен жайың?
Бірақ-ақ айтам, тиіспе Бозторғайға,
Осы еді саған айтар бұйымтайым!»

Осыны айтып Бүркіт құс ұшып кетті,
Тыныш жүр деп Тұрымтайды айтып кетті.
Бозторғайға Тұрымтай амалсыздан,
Бұдан былай тиіспеуге уәде етті.


Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицейінің
6 «Г» сынып оқушысы Таңжарық Мерей
Пән мұғалімі: Мұратаева Майя


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозторғай өлеңінің авторы кім?

Мерей Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Бозторғай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бозторғай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бозторғай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері