Жастар – біздің болашағымыз
Бұл бетте «Жастар – біздің болашағымыз» атты Рыскүл Ерназарова жазған жастар туралы өлең берілген.
Егеменді елімнің болашағы,
Кімге де ой тастамас бала қамы.
Білімді ұрпақ елімнің шам-шырағы,
Өшпесін мәңгі бақи бала шамы.
Еркін өссін жастарым елімізде,
Тәуелді болмай өссін жерімізде.
Жастар аман бақытты болып тұрса,
Желбірейді көк байрақ төрімізде.
Болашағы елімнің жас қолында,
Адаспасын жастарым өз жолында.
Ұлы Абай айтқандай кірпіш болып,
Қалансын керекті боп орнында.
Алға ұмтыл, жастарым тек шегінбе,
Білімнің қайнар көзі мектебіңде.
Ерінбей жас кезіңде көп ізденсең,
Өкінбейсің оқысаң сен тегінде.
Ұстазбын мен де жасты қолдайтұғын,
Жастарға білім нәрін жолдайтұғын.
Мақсатым айтар болсам алға қойған,
Білім берсем жастарға жоймайтұғын.
сіздің өленгіз өте катты ұнады
мен іздеген өлең
Ұнады.Тура ойымдағыдай шықты
Керемет!
Керемет маған ұнады.өзіңіз шығардыңыз ба?
Автор
Өте тамаша жазылған маған дәл осы өлең керек болып тұрған еді
Бұл өлеңді 2017 жылы бітірген түлектерге арнап жаздым. Бірақ Айсулу деген қыз ұрлап 2019 жылы қайтадан осы сайтқа жариялапты.
Рыскүл Ерназарова ол жарияламды сайттан өшірдік.