Әкем менің маған арнап – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Әкем менің маған арнап» атты Сәкен Иманасов жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1072
Әкем менің маған арнап,
Қалдырмады мол мұра,
Қалдырмады тағалаулы ат,
Қалдырмады домбыра.
Айта барар соңғыларға,
Қалдырмады асқақ ән.
Судай шашып қор қыларға,
Алтыны жоқ тастаған.
Жоқ, бармайын, күпірлікке,
Айтып отыр ауыл айқын:
Қалдырды әкем бұл тірлікке,
Мені – өзінен аумайтын.
Қалдырыпты от тірлігін,
Әппақ арын кірлетпей,
Қалдырыпты өткірлігін,
Өр мінезін бір беткей.
Қиыры жоқ қырларды да,
Қалдырыпты мұраға.
Асқақ таулар тұрған мына,
Содан қалған сыбаға.
Достарына аңқылдаған,
Адалдығын, ақтығын.
Ақ алмастай жарқылдаған,
Кісілігін, пәктігін.
Бір-бірлеп сен бәрін сана:
Қалдырыпты нар ісін.
Баз біреуге бағынса да,
Табынбайтын намысын.
Жағынбайтын пендеге бір,
Қалдырыпты арлы үнін,
Қысқасы, осы мендегі өмір,
Қасиеттің барлығын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкем менің маған арнап өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Әкем менің маған арнап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкем менің маған арнап өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әкем менің маған арнап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері