Күнәңді – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Күнәңді» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Күнәңді,
кінәңді де сан кешіре,
Көніп ем,
азабыңның әммесіне.
Өтінем бір құшақта балқып тұрып,
сен мені ендігәрі алма есіңе.
Тындырар ендігі айтқан өкпе нені,
Мақтаудың, даттаудың да жоқ керегі,
Өтінем:
сыртымнан тек сөз етпеші,
«Жап-жақсы жігіт еді»,— деп те мені.
Кім білсін...
маған дақ па, саған дақ па,
кетерміз артымызға алаңдап та,
Әйтеуір өтінерім, бір еркекке
көзіңше мақтатпа да, жамандатпа.
Жанымның шұғылалы жарқылы едің,
білмеппіз бұл өмірдің шарты көбін.
Мен жайлы сөз етпе де, сөз еткізбе —
өзіңнен осы ғана бар тілегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнәңді өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Күнәңді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнәңді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнәңді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері