Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 794
"Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған,
жақтырмасаң — жайыма кете салам!" —
дедің де Сен...
Сәл ғана тоқтап алып...
отқа барып ұрындық екі есалаң.
Тәнімізді қып-қызыл шоққа қарып,
еркімізбен түстік пе отқа барып,
бірі кәрі, бірі жас — екі "жынды"
басты байлап беріп ек ноқтаға анық.
Отқа түскен сияқты ек басты байлап,
тәуекелге бара алмай... қаштық айлап.
Сен күлесің: "Қарттыққа дауа жоқ" — деп,
мен жүрмін: "Жиырма бес — жастық — айлап".
Мысқыл да жоқ, мінде жоқ бағанағы,
қарық болып қаңқудың қағанағы.
Қызды құрбан ете алмай
қала бердім
шыжғырылған балықтай табадағы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері