Өткенге де – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Өткенге де» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 820
Өткенге де,
кеткенге де мұң шығып,
басыңызға не күн туды мұншалық,
бұрын да сөз ермеп пе еді соңыңнан,
көрмеп пе еді көңіліңді кір шалып.
Түрін көріп шеріңіз бен шеменнің,
жан-сырыңды ұға қояр деп ең кім, —
Сенің тіпті бар-жоғыңды білместен
тірлік кешіп жүрген жоқ па көбі елдің.
Көкірегіңнің бұрқыратып от-селін,
елдің қамы сияқты еді-ау көксерің, —
қасың түгіл,
достың өзі кешегі
хал-күйіңді біліп жатқан жоқ сенің!
Бірі дұрыс болғанымен,
бірі ағат,
оларды да отыр деме кінәлап,
бүгін еріп кетпегенмен,
көр де тұр —
түбі келіп түсінеді жұрағат.
Қаумалаған дұшпаны бар, досы бар,
кешегі асқақ кездеріңді есіңе ал:
бойын елге көрсетуден үркетін
ойы кемге
кейігенде...
не шығар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткенге де өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Өткенге де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткенге де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткенге де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері