Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 546
Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін,
тәлкек етті тәңірінің пендесін,—
мұндай күйді дұшпаныңның басына,
қас жауыңның қасына да бермесін!
Қандай ғана қатал еді, кекті еді,
ұрды кетті,
ұрды кетті тек мені,
тітіркене дір-дір етті қара жер,
күлдір етті жұлдыз біткен көктегі.
...аяры-ай,
аңдып келіп.
ұрды-ау мені аямай!
Тәлтіректеп,
тұрармын-ау орнымнан,
аман болса аспанымда баяғы Ай,
аман болса көкте күн,
есімді де жиярмын-ау, өкпелім.
Амал қанша, қатты батты бұл соққы,
қапелімде қансыратып кеткенің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері