Көктем келді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көктем келді» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2454
Көктем келді ырғатыла,
Сылаң қағып сай-сала.
Қызғалдақтар қырға тұна,
Құлпырды бар айнала.
Наурыз айы – жылдың басы,
Елдің бәрі жайдары.
Сұлуланып түр-тұлғасы,
Қыз-жігіттер жайнады.
Орман-тоғай толды күйге,
Бұлбұл сайрап қаншама.
Қуанышқа толы үйлер,
Елдің бәрі ән сала.
Өмір қызық, сәнді болсын,
Күн сөнбесін көктегі.
Деп тілейміз мәңгі болсын
Адамзаттың көктемі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері