Түгі жоқ кете қойған ұпайының – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Түгі жоқ кете қойған ұпайының» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 963
Түгі жоқ кете қойған ұпайының,
бірі еді күні кеше сыпайының,
сызданып шыға келді,
аяқ асты
құтыртқан құдайы кім, құқайы кім?
Апыр-ау, не көрінді бұған енді,
бар түгін сыртқа салып шыға келді,
алдына малды салып айдайтындай,
бір өзі жайлайтындай құба белді.
Бірі еді кеше ғана көп кішінің,
кегі де,
кесірлігі жоқ кісінің,
есесін енді бізден алмақшы ма
елден де,
жерден көрген тепкісінің?!
Өтпеген орағытып күзгі мұңнан,
таныс та тату едік біз бұрыннан.
Көңіл-ай,
қарап тұрып қарауытқан,
өмір-ай,
ойда жоқта жүз құбылған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түгі жоқ кете қойған ұпайының өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Түгі жоқ кете қойған ұпайының өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түгі жоқ кете қойған ұпайының өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түгі жоқ кете қойған ұпайының өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері