Баласымын қазақтың – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Баласымын қазақтың» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Руға да бөлме мені, жүзге де,
Жершілдердің арасынан іздеме, –
Қазақ болып жаралдық қой бәріміз,
Қазақ болып қала алмаймыз біз неге?
Бір еді ғой өзегіміз, әніміз,
Салт пен сана, салтанат пен сәніміз,
Шығарадағы жаны басқа демесең,
Бір қазақтың баласы едік бәріміз.

Қайырмасы:
Бөлінбеген іргеміз,
Жаралағаннан біргеміз, –
Үйсін, Адай, Найман да,
Бірге кірдік майданға,
Бірге көшіп жүргенбіз
Сайын дала, сайларда
Ортақ еді еліміз,
Көліміз де шөліміз!
Бөлінердей бүгін кеп,
Жоқ еді ғой жөніміз!
Бөлінбейік ағайын,
Ортақ болсын төріміз!
Қазақстан дейтұғын
Қасиетті Еліміз!

Жауымыз да, дауымыз да бір еді,
Бір еді ғой барша қазақ тілегі.
Жүзге бөліп, із көнеріп баяғы,
Арамызға жік салғандар кім еді?!
Қазағымның қасиетті кейпі деп,
Бір арнаға тоғысатын ой-тілек.
Бір қазақты жүзге бөлген адамның,
Жүзі күйсін, жүзі күйсін дейтін ек!

Қайырмасы

Ала қойды бөле қырқып күніге,
Жүзге бөліп, жүгірмейік бүліне.
Бөлінбейік Жалайыр деп, Жаппал деп,
Қазақпыз ғой діні де бір, тілі де.
Аш арыстан ақырса да іргеңнен,
Тас түйін боп отырғанда кім жеңген.
Бір жағадан бас шығарып ендеше,
Қол шығара білейік те бір жеңнен!

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баласымын қазақтың өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Баласымын қазақтың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баласымын қазақтың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баласымын қазақтың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері