Қажеттісі ат маған – Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы

Бұл бетте «Қажеттісі ат маған» атты Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен қазақпын қажеттісі ат маған,
Аттан десе “A құдайлап” аттанам.
Өйтетіні қасиеттеп тұлпарын,
Бабаларым маңдайынан қақпаған.

Мен қазақпын қажеттісі ат маған,
Мақтансам да ат үстінде мақтанам.
Айлық жолды алты күнде таптаған,
Тұлпарлар бар ер үмітін ақтаған.

Ат жақсысын Абай да өткен қиялдап,
Ардақтыға ат мінгізген си арнап.
Ер Қабанбай қубас атпен серттесіп,
Жетпіс үште жауға шапқан ұрандап.

Атты сүйем керек емес басқасы,
Өтінерім атты алтынға сатпашы.
Қайда бүгін көк бестімен құла кер,
Тумай жүрме Марғабылдың қасқасы.

Бомаған соң ат сынайтын текті де,
Жүрген шығар қойшы мініп текпі де.
Не бомаса құлынында сатылып,
Қазы болып аударылып кетті ме.

Қасиеттеп бабалардың пырағын,
Ат дегенде елеңдейді құлағым.
Темір тұлпар қанша жайлы болғанмен,
Атсыз күнде жетімсіреп тұрамын.
Алты алаштың арыуағын силасаң,
Ұмытпаңдар аттан деген ұранын.!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қажеттісі ат маған өлеңінің авторы кім?

Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қажеттісі ат маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қажеттісі ат маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қажеттісі ат маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері