Анама – Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы

Бұл бетте «Анама» атты Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Анам саған жыр жазармын әлі көп,
Тұрса егер қаламымның әлі кеп.
Сен туралы ой толғасам тұрады,
Таңдайыма ақ сүтіңнің дәмі кеп.

Өзің барда мен баламын әлі де,
Сен бұйырсаң дайын тұрам бәріне.
Маған сақтап жан қалтаңда кірлеген,
Кетік құрттың не жетеді дәміне.

Жаным ана әніңді айтшы тыңдайын,
Қайта өңдеп мен өзіңе силайын.
Күнде оқып өмір сырын ұғынам,
Бетіңдегі әжімдердің шимайын.

Сен күрсінсең мына әлем күңіреніп,
Құлазимын жабырқаңқы күйге еніп.
Ана сені жырлай берем жалықпай,
Тіл байланып қалғанынша күрмеліп.


Жігерімді мейіріммен жаныған,
Сен мұңайсаң мен өлердей қамығам.
Өйтетіні ақындығым сен айтқан,
Бесік жырдың құдіретінен дарыған.

Өмірден өткен Зібилə Ниязбек қызы анамызға арналады


Пікірлер (1)

Марат

Бұл «Анама» деген өлең жүрекке жылы тиетін, мейірімділік пен алғыстың көркем тілмен өрнектелген туынды екен. Автор өз анасына деген терең сезімін сөзбен жеткізіп, анаға деген құрмет, жанашырлық пен қамқорлықты әсерлі суреттейді. Өлеңде ана мен бала арасындағы рухани байланыс, ақ сүттің дәмі, мейірім мен үміттің маңызы нәзік әрі шынайы аударылған. Осындай шығармалар оқырманға отбасы құндылықтары мен адамгершілікті еске салады және жүрекке жылы ықпал етеді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анама өлеңінің авторы кім?

Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Анама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері