Мансаптың буы
Бұл бетте «Мансаптың буы» атты Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мәнсаптың буы
Әй бауырым,осы күнде досың көп,
Дос болады бейтаныс жан тосын кеп.
Бірге туған туысыңдай елжіреп,
Жүретұғын жөн-жоралғы жосын көп.
Мақтау айтса бәрі сені білгір деп,
Масаттанба алтын балық ілдім деп.
Жағаңдағы қырау еріп кеткен күн,
Достарыңда бытырайды бір-бірлеп.
Өзіңді-өзің сергітпесең қатайып,
Тымаудан да жазылмайсың сақайып.
Мансап деген уы күшті ішімдік,
Байқамасаң тез кетесің масайып.
Нағыз білгір артық қадам баспайды,
Сабыр сақтап асықпайды,саспайды.
Аңғармасаң аңғалаған көп мақтау,
Адамдықтан алыстатып тастайды.
Жетегіне ере берсең ерленіп,
Жақыныңа жау қылады пенделік.
Аттан түсіп қалған күні жаяулап,
Шөл далада қалып жүрме сенделіп.
Пікір қалдырыңыздар
Мәнсаптың буы жаман, оған алданған адам ақымақ
бауырым,осы,асықпайды,саспайды осылай үтірмен сөздерді жабыстырып жазу сауатсыздық емес пе?
Рахмет пікірелеріңізге. Қателіктер болса кешірім сұраймын. Түзетуге тырысам
Осындай отты өлеңдеріңіз көбейе берсін