Мансаптың буы – Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы

Бұл бетте «Мансаптың буы» атты Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мәнсаптың буы

Әй бауырым,осы күнде досың көп,
Дос болады бейтаныс жан тосын кеп.
Бірге туған туысыңдай елжіреп,
Жүретұғын жөн-жоралғы жосын көп.

Мақтау айтса бәрі сені білгір деп,
Масаттанба алтын балық ілдім деп.
Жағаңдағы қырау еріп кеткен күн,
Достарыңда бытырайды бір-бірлеп.

Өзіңді-өзің сергітпесең қатайып,
Тымаудан да жазылмайсың сақайып.
Мансап деген уы күшті ішімдік,
Байқамасаң тез кетесің масайып.

Нағыз білгір артық қадам баспайды,
Сабыр сақтап асықпайды,саспайды.
Аңғармасаң аңғалаған көп мақтау,
Адамдықтан алыстатып тастайды.

Жетегіне ере берсең ерленіп,
Жақыныңа жау қылады пенделік.
Аттан түсіп қалған күні жаяулап,
Шөл далада қалып жүрме сенделіп.


Пікірлер (5)

Kanat93

Пікір қалдырыңыздар

Дарига

Мәнсаптың буы жаман, оған алданған адам ақымақ

Айдын

бауырым,осы,асықпайды,саспайды осылай үтірмен сөздерді жабыстырып жазу сауатсыздық емес пе?

Kanat93

Рахмет пікірелеріңізге. Қателіктер болса кешірім сұраймын. Түзетуге тырысам

Gulbanu

Осындай отты өлеңдеріңіз көбейе берсін

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мансаптың буы өлеңінің авторы кім?

Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Мансаптың буы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мансаптың буы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бесбаев Əлихан Ошанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мансаптың буы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері