Жәлап қатын, – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жәлап қатын,» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1785
Жәлап қатын,..
жәдігөйлер,
ұрылар
маған да күн көрсетпейтін түрі бар...
(Өмірімді —
өзгелерге үлгі еткен,
дәл қазіргі көңілімді кім ұғар?)
Жәлап қатын
ойнасына жамандап,
жәдігөйі —
жатып атты,
амалдап,
Ұрыдан да сескенемін осы күн,
дос дегенім —
күле қарап,
тағы алдап...
Кім біледі,
ұқпады ма,
ұқты ма ел:
бірі —"мықты",
бірі — "мүлдем бітті",— дер,
бұтты-шатты,
өсектеді,
қарасам:
бәрінің де есептері түп-түгел.
Бірі — маған қазған орын дайындап,
бірі — жақын достарымнан айырмақ,
жер бауырлап жатса дейді, шіркіндер,
жарға соққан тас кемедей қайырлап.
Дауылыңа, жауыныңа ырғалмай
шыдайтындай,
мықты, дей ме, бүл қандай,
жәдігөйі,
жағымпазы,
жүлігі
жатып атып,
жан-жағымнан жүр қалмай.
Менде қандай әкесінің құны бар,
кісі қайда, құдайым-ау, мұны ұғар,
Маған да күн көрсетпейтін сияқты
жәдігөйлер,
жәләп қатын,
ұрылар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жәлап қатын, өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жәлап қатын, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жәлап қатын, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жәлап қатын, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері