Сенбеймісің

Бұл бетте «Сенбеймісің» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 679
Сенбеймісің,
Жаным-ау, сенбеймісің?
Құм суырған құйын, я жел деймісің?
Күдігіңді бір жолға қоя тұрып,
«Тəуекел!» – деп қасыма келмеймісің?!
Сенбеймісің,
Жаным-ау, сенбеймісің?
«Сергелдең жан,
сенделген сең» – деймісің?
Алақанға қондырып алмаймын ба
Тəңірім маған жіберсе сендей құсын?!
Сенбеймісің,
Жаным-ау, сенбеймісің?
Көңілімді көл емес,
шөл деймісің?
Жақсы көрсең несіне жатырқайсың,
Құшағына қуанып енбеймісің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенбеймісің өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сенбеймісің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенбеймісің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенбеймісің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері